Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Қарағанды облысында өртенген автобус
Қарағанды облысында өртенген автобус. Видеодан кадр: t.me/ qr_tjm

Қарағанды облысында жолаушылар автобусынан өрт шықты. Оқыс оқиғаға қатысты ақпаратты ТЖМ баспасөз қызметі Telegram желісіндегі парақшасында жариялады.

Министрлік ақпаратына сүйенсек, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданында "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" тас жолының 27-шақырымында жолаушылар автобусының мотор бөлшегі жанған.

Өрт кезінде автобуста 15 жолаушы болған, оның ішінде 7 бала көліктен өздігімен шыққан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108412-qaragandy-oblysynda-zholaushylar-avtobusynan-ort-shyqty-video/