Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

Жарияланған күні:

Терезе қасында отырған бала
Терезе қасында отырған бала. Көрнекі фото: pexels.com

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында 2020 жылы туған бала тұрғын үйдің екінші қабатынан құлап кетті. Оқыс оқиғаға қатысты ақпаратты ТЖМ баспасөз қызметі Telegram желісіндегі парақшасында жариялады.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, ол түрлі жарақаттармен жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Қазір науқас дәрігерлердің бақылауында.

Осы орайда ТЖМ кішкентай балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға шақырды.

Ведомство кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды, москит торларға сенбеуді, сондай-ақ, балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеуді ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108415-manggystau-oblysynda-tort-zhasar-bala-ekinshi-qabattan-qulap-ketti/