Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ тапсыруға барған: желіде жаңбыр астында су боп тұрған семейлік оқушылардың видеосы тарады

Жарияланған күні:

Оқушылар ғимарат алдында тұр
ҰБТ тапсырғалы тұрған оқушылар. Видеодан кадр: КТК

Семейде ҰБТ кезінде шу шықты – әлеуметтік желіде оқушылардың нөсер астында бүрісіп тұрған видеосы тарады, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Телеарна ақпаратынша, оқушылардың нөсер астында тұрған видеосы әлеуметтік желіде таралды. Тұрғындардың бірі "Малмандай су болған балалар сынақты қалай тапсырады?" десе, енді бірі олардың мекеме ішіне сыймай қалғанын айтады. Кейбір куәгерлер тестілеу орталығының күзетшілері оқушыларды ғимарат ішіне кіргізбей қойғанын айтады.

Алайда білім бөлімінің мамандары бұл жайтты жоққа шығарған. Олардың сөзінше, ғимарат ішінде орын жеткілікті болған, бірақ балалардың өзі жауын астында тұруды жөн көрген.

"140 түлек түске дейін ҰБТ тапсырды. Түстен кейін 147 түлек тапсырды. Кеше тестілеу басталар сәтте кенеттен жаңбыр жауды. Кейбір түлек далада тұрған, сөйлесіп. Ғимараттың ішіне кіруге ешқандай кедергі болмады. Орындар жеткілікті", - дейді Абай облысы білім басқармасының бөлім басшысы Макия Әмірханова.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108466-ubt-tapsyruga-bargan-zhelide-zhangbyr-astynda-su-bop-turgan-semeilik-oqushylardyng-videosy-tarady/