Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден келген "заңды ұры": қазақстандық полицейлер күдікті ұсталған сәттің видеосын жариялады

Жарияланған күні:

Құқық қоорғау оргынаның қызметкерлері күдіктіні әкетіп барады
Күдіктіні ұстау сәті. Втдеодан кадр: polisia.kz

Қазақстанның құқық қорғау органдары шетелдік криминалитеттің ықпал ету әрекеттерін тоқтатқанын мәлімдеді – тәртіп сақшылары "заңды ұрыны" ұстаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"19 мамырда Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД жедел мәліметтер бойынша қылмыстық ортада "заңды ұры" атағына ие 1963 жылы туған іргелес мемлекет азаматының ел аумағына кіру фактісін анықтады. Ол Орал қаласының полициясына жеткізілді.

Қажетті тексеру іс-шараларын өткізгеннен кейін ер адам Қазақстан аумағынан Ресейге бағыт алып, оны көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары құрықтады", - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ресей Федерациясының сот органдарында оған қатысты Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 210-1-бабы "Қылмыстық иерархияда жоғары дәрежені иелену" бойынша іс қаралып жатқаны айтылды.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, өткен жылы Қазақстан аумағына жақын шет елдерден кірмек болған қылмыс әлемінің төрт өкілінің әрекеті тоқтатылған.

Ішкі істер министрлігі ҰҚК және Бас прокуратурамен бірлесіп, қылмыстық ортада, оның ішінде Қазақстаннан тыс жерлерде болып жатқан процестерді тұрақты бақылау және қадағалау нәтижесінде шетелдік криминалитеттің кез келген әрекетіне уақтылы және жедел түрде тосқауыл қояды.

Айта кетейік, жақында Ресейдің Імкі істер министрлігі қазақстандық полицейлер қылмыстық иерархияда жоғары лауазымды иеленген деп айыпталып, шетелде жасырынбақ болған күдіктіні ұстағанын хабарлаған еді. Күдікті Ресей Федерациясында бірнеше рет сотты болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108478-reseiden-kelgen-zangdy-ury-qazaqstandyq-politseiler-kudiktining-ustalgan-satining-videosyn-zhariialady/