Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетелдікті ұстады (фото)

Жарияланған күні:

Күдіктілер
Күдіктілер. Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдікпен екі шетел азаматын ұстады. Бұл туралы ҰҚК Telegram-дағы арнасында хабарлады.

ҰҚК ақпаратынша, 28 мамырда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және Алматы қаласы полициясының көмегімен терроризмді насихаттады деген күдікпен 2 шетелдік азаматты ұстады.

"Тергеу мәліметі бойынша олар бұрын ұзақ уақыт шетелде өмір сүріп, радикалды діни идеологияға тартылған. Қазақстанға биыл келген, тұрақты жұмыстары болмаған", - делінген хабарда.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108532-ulttyq-qauipsizdik-komiteti-terrorizmdi-nasihattady-degen-kudikpen-birneshe-adamdy-ustady/