Туристік маусым әлі басталмаса да, Алакөл мен Балқашқа билет жоқ: министр халықтың шағымына жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс кулуарында көлік министрі Марат Қарабаевқа Алакөл мен Балқашқа билетті алыпсатарлар мәселесі қашан шешілетіні жөнінде сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер туристік маусым әлі басталмағанын, десе де билеттер қалмағанын атап өтті.
"Алакөл бойынша 12 пойыз, Балқаш бойынша кондиционермен жабдықталған 3 "Тальго" пойызы шығарылады: Астана мен Алматыдан арзандатылған әуе көлігі болады. Ол субсидияланады.
Қосымша пойыздарға билет сату әлі басталған жоқ, себебі бұл мақсатсыз пайдалануға әкеп соқтыруы мүмкін", - деді министр Марат Қарабаев.
Бұдан бөлек ол қосымша жолаушылар вагондары сатып алынып жатқанын айтты.
"Егер біз өткен жылы 118 вагон ғана сатып алған болсақ, биыл 140 вагон алынады. Келесі жылы 260 вагон сатып алуды жоспарлап отырмыз. Алакөл мен Балқашқа қосымша пойыздар шығарылады, билеттер жақын арада сатыла бастайды", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108703-turistik-mausym-ali-bastalmasa-da-alakol-men-balqashqa-bilet-zhoq-ministr-halyqtyng-shagymyna-zhauap-berdi/