Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда шетелден келген жезөкшелер ұсталды

Жарияланған күні:

Қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Көші-қон қызметі "Стоп трафик" жедел-алдын алу іс-шарасы барысында шетелден келген жезөкшелерді анықтады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Тексеру барысында Наурызбай ауданындағы үйлердің бірінде жезөкшелікпен айналысатын орын болған жеке тұрғын үй анықталды. Ұсталған он екі адамның жетеуі – көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетел азаматтары. Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға қатысты заңнамалық шаралар қолданылды", - деді Алматы қалалық полиция Департаменті Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар интим қызметі көрсетілген үйдің иесін Наурзыбай аудандық ПБ-ның қызметкерлері жауапкершілікке тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108811-almatyda-shetelden-kelgen-zhezoksheler-ustaldy/