Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мамырдың аяғында ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

суға шомылып жатқан кептерлер
Суға шомылып жатқан кептерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер елімізде алдағы үш күн, 30 мамыр-1 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметігше, Қазақстанның басым бөлігінде температураның жоғарылауы күтіледі.

Алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта, ал 1 маусымда республиканың батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.

Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жаууы ықтимал және екпінді жел тұруы ықтимал.

Еліміздің оңтүстігінде жоғары қысымның әсерінен жаңбыр жаумайды.

31 мамырда солтүстік-батыста, 31 мамырда, 1 маусымда солтүстікте және шығыста 3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Күндіз республиканың көп бөлігінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды. Мәселен, еліміздің батысында, оңтүстігінде +27...+35 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта +15...+25 градус жылы, оңтүстік-шығыста +22...+27 градус жылы, шығыс облыстарда ауа температурасы +10...+20 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108907-35-gradus-ystyq-zhangbyr-elimizde-mamyrdyng-aiagynda-aua-raiy-qandai-bolady/