Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туристерге Алакөлдегі үш аралға баруға тыйым салынды

Жарияланған күні:

Алакөл
Алакөл. Фото: Алматы облысының туристік ақпараттық орталығы

Алакөлдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақ саналатын үш арал мамырдан қыркүйекке дейін жабылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алакөл мемлекеттік табиғи резерватына сілтеме жасап хабарлайды.

Табиғи резерваттағылардың мәліметінше, Алакөл көлінің Үлкен, Орта және Кіші Аралтөбе аралдары Алакөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан. Олар бір-біріне жақын, ұзындығы 17 шақырымға созылған аралдар тобы бар. Қорық аумағындағы аралдар құстардың топталып ұя салуына өте қолайлы. Сондықтан да аралдарды нағыз "құс базары" деп атауға болады.

"Орта Аралтөбе аралы өгізшағала, қарабас өгізшағала, үлкен суқұзғыны, көне дәуір шағаласы, үлкен қарқылдақ, татрең қарақасы, бұйра бірқазан сияқты ерекше отарлық суда және су маңын мекендейтін құстардың ұя салу орны", - делінген хбарламада.

Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы өкілдері мына үш аралға баруға болмайтынын ескертті: Алакөл көліндегі үлкен, орта, кіші Аралтөбе аралдары ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жататынын еске салды.

"Аралдарда мамыр-қыркүйек айлары аралықтарында құстар ұя салып, балапан басуға отырады. Олардың ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген құстар көптеп кездеседі. Сол себепті жеке адамдардың аралдардағы құстарды мазалау факторы болмауы тиіс. Аралдарға суда жүзетін, әуеде ұшатын көліктердің қандай да бір түрлерімен қатынауға қатаң тыйым салынады", - деп хабарлады табиғи резерваттағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108925-turisterge-alakoldegi-ush-aralga-baruga-tyiym-salyndy/