Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйін өртеп кеткен": Алматы облысында әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды

Жарияланған күні:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы облысында әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген тұрғын сотталды. Бұл туралы Жоғарғы сот баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Іс Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы әйелді және оның екі баласын өлтірді, қылмысты жасыру үшін үйін қасақана өртеп жіберді және мүлікті ұрлады деп айыпталды (ҚК-нің 202-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы, 99-баптың 2-бөлігінің 1, 3), 5), 10)-тармақтары, 99-баптың 3-бөлігі, 188-баптың 1-бөлігі).

"Сотталушы мас күйінде пышақ қолданып, бірге тұратын серіктесі мен оның кәмелетке толмаған екі баласын өлтірген. Содан кейін үйдің есігін сыртынан құлыптап, қашып кеткен. Бір күннен кейін ол қылмыс орнына қайта келіп, жәбірленушінің 40 мың теңгесін ұрлап, кісі өлтіру ізін жасыру үшін олардың үйін өртеп жіберген", - делінген хабарда.

Сотталушының кінәсі іс материалдарымен: куәлардың айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен және сотта расталған және зерттелген басқа да дәлелдемелермен толық дәлелденген.

Соттың шешімі бойынша, сотталушы өзіне тағылған іс-әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108949-uiin-ortep-ketken-almaty-oblysynda-aiel-men-onyng-eki-balasyn-pyshaqtap-oltirgen-turgyn-sottaldy/