Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеке шотқа аударылған": Таразда борышкерлердің ақшасы ұрланған

Жарияланған күні:

Әмиян және ақша
Әмиян және ақша. Көрнекі сурет: athima tongloom/Getty Images

Тараз қаласы прокуратурасы тексеру жүргізу нәтижесінде жеке сот орындаушысының мемлекет пен банк ұйымдарының пайдасына өндіруге тиіс қаражатты ұрлау деректерін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық прокуратура мәліметінше, Атап айтқанда, сот орындаушысы 46 борышкерден өндіріп алынған 3,1 млн теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 635 мың теңге қаражатты жеке шотына аударып, өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Борышкерлерге қатысты атқарушылық материалдар түпкілікті орындалмай, берешек өтелмей қалған.

Осы дерек бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 251-бабының 2-бөлігі бойынша (жеке сот орындаушысының өкілеттігін қайталап теріс пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Қылмыстық істі тергеу Тараз қалалық полиция басқармасына жүктелді.

Қадағалау органы мәліметінше, Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2108991-zheke-shotqa-audarylgan-tarazda-boryshkerlerding-aqshasy-urlangan/