Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурабай кенті әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарияланған күні:

Сабыр Жалмұқанов
Сабыр Жалмұқанов. Фото: instagram.com/burabai_kentinin_akimdigi

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ аясында Бурабай ауданы прокуратурасы Бурабай кенті әкімі Сабыр Жалмұқановтың Әдеп кодексін бұзу дерегін анықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының прокуратурасы мәліметінше, Бурабай кентінің әкімі мен ЖШС арасында алаңды абаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім жасалғаны анықталды.

Келісімшарттағы міндеттемелерді орындау барысында Бурабай кентінің әкімі кәсіпкерден сметалық құжаттамада қарастырылмаған қосымша жұмыстарды орындауды талап еткен.

Өз кезегінде кәсіпкер тапсырыс берушіден тәуелді жағдайда болғандықтан, бұл жұмыстардың бір бөлігін орындаған.

Әкім өз іс-әрекетімен кәсіпкерлік субъектісіне 400 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі Кеңесі қозғалған тәртіптік іс бойынша аудан әкімі Бурабай кентінің әкіміне "қатаң сөгіс" түрінде тәртіптік жаза қолдануы ұсынылды.

Аудан әкімінің өкімімен Бурабай кентінің әкіміне жоғарыда аталған тәртіптік жаза қолданылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109021-burabai-kenti-akimine-qatang-sogis-zhariialandy/