Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш жылдан аса уақыт зейнетақысын ала алмаған қазақстандық төлемге қол жеткізді

Жарияланған күні:

Ақша санап отырған зейнеткер
Зейнеткер. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық 2 млн теңгеден астам зейнетақы төлемдерін алды. Бұл – 3,5 жыл бойы ала алмаған зейнетақысынан жинақталған сома, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Конституциялық сотт нормативтік қаулыларды іске асыру мәселелері қаралды.

Прокурорлар 15 мыңнан астам қылмыстық және 4,5 мың азаматтық істердің, сотталғандардың 3 мың шағымдары мен өтініштерінің, сондай-ақ сотқа дейінгі іс-жүргізуде бұлтартпау шараларын қолдану туралы 3,5 мың құжаттардың Конституциялық соттың ұстанымдарына сәйкестігін тексерді.

Нәтижесінде 26 адамның құқықтары, оның ішінде конституциялық бақылау органының талаптарын елемеген уәкілетті органдарға 13 қадағалау және ден қою актілерін енгізу арқылы қалпына келтірілді.

Мысалы, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында сомасы 20 млн теңгеден астам азаматтардың зейнетақы құқықтары қалпына келтірілді.

Бір жағдайда, азамат Б. зейнетақысынан айырылғаннан кейін үш жарым жыл бойы әртүрлі мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларына жүгінген. Конституциялық сотқа жүгінгеннен кейін оның зейнетақысы толығымен қалпына келтіріліп, оған 2 млн теңгеден астам сомаға бұрын заңсыз ұсталған зейнетақы төлемдері аударылды.

Конституциялық соттың қорытындыларына сүйене отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан мектеп директорларын әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеді, өйткені олардың қызметі мүдделер қақтығысын тудырмады және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға бағытталмады.

Жиында азаматтардың құқықтарын нақты қорғаудың басқа да мысалдары айтылды.

Бас прокурордың өтініші бойынша Конституциялық сот Конституцияның жеке меншікке қол сұғылмаушылыққа қатысты 25 және 26-баптарына ресми түсіндірме бергені атап өтілді.

Енді прокурорлар азаматтарды олардың келісімінсіз тұрғын үйден айыруға байланысты атқарушылық іс жүргізудегі шешімдерге санкция бермейді. Мұндай шешімдерді сот міндетті түрде қабылдауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109057-ush-zhyldan-asa-uaqyt-zeinetaqysyn-ala-almagan-qazaqstandyq-tolemge-qol-zhetkizdi/