Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әп-сәтте несие рәсімдейді: полиция қазақстандықтарды белгісіз нөмірден түскен видеоқоңырауға жауап бермеуге шақырады

Жарияланған күні:

Видеомен қоңырау шалу
Видеомен қоңырау шалу. Көрнекі сурет: pexels.com

Алаяқтар құрбандарының атынан несие рәсімдеу үшін видеомен қоңырау шала бастады. Полицейлер азаматтарды бейтаныс нөмірлерден түскен қоңырауларды алмауға шақырды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында.

Қазақстанда алаяқтар қайтадан бас көтерді, бұл жолы басты құрал ретінде танымал WhatsApp мессенджерін таңдапты. StopFake порталының мәліметінше, қылмыскерлер ол арқылы құрбандарына видеомен қоңырау шалып, әңгіме барысында банк қосымшаларындағы биометриялық тексеруден өтуге тырысады.

Алаяқтарға біреудің атына несие рәсімдеуге деректерді алу үшін бірнеше секунд сөйлессе жеткілікті. Әрі қарай олар құрбанының аккаунтын бұзып, оның атынан несие рәсімдейді. Сондықтан ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарды бейтаныс нөмірлерден түскен видеоқоңырауларға жауап бермеуге шақырды.

"Алаяқтар адамның бет-бейнесін түсіру үшін видеоқоңыраумен хабарласады. Алаяқтар бейнеқоңырау шалып, адамның бет-әлпетін көшіріп, мобильді банкингте тексеруден өткен жағдайлар болды.

Бейтаныс, әсіресе шетелдік нөмірлерден келіп түскен видеоқоңырауларға жауап бермеңіз. Ал егер жауап берген болсаңыз, бұл туралы 102 нөмірі бойынша полиция қызметкерлеріне дереу хабарлаңыз", – деп ескертеді полиция.

Естеріңізге сала кетейік, алаяқтардың биометрияны алу үшін WhatsApp-ты қолданулары бірінші рет емес. Бұған дейін біз банктердің логотиптерін пайдаланып, құрбандарына видеоқоңырау шалған, сондай-ақ алынған сурет арқылы биометриядан өтуге тырысқан жағдайлар туралы айтқан болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109078-ap-satte-nesie-rasimdeidi-politsiia-qazaqstandyqtardy-belgisiz-nomirden-tusken-videoqongyrauga-zhauap-bermeuge-shaqyrady/