Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар азаматтарға Антикор қызметкері ретінде хабарласа бастаған: олардың қоңырауы видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Белгісіз номер арқылы шалынған қоңырау
Белгісіз номер. Көрнекі фото: Diy13 / Getty Images

Алаяқтар қазақстандықтарға қоңырау шалып, өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкері ретінде таныстыра бастаған. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Антикор азаматтарға мессенджерлер (WhatsApp, Telegram және т.б.) арқылы жалған аккаунттар құрып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері мен басшылығының атынан қоңыраулар жасайтын, сондай-ақ жалған ақпарат жіберетін адамдар тобының алаяқтық әрекеттері туралы ескерту жасады.

"Жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырамыз.

Осындай жағдайларға кездескен кезде, құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109087-alaiaqtar-azamattarga-antikor-qyzmetkeri-retinde-habarlasa-bastagan-olardyng-qongyrauy-video-tusip-qaldy/