Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында су қоймаларынан екі адамның денесі шығарылды

Жарияланған күні:

өзен
Өзен. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысында екі тұрғынның денесі су қоймасынан шығарылды. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлады.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, 29 мамырда күндіз Қамыскөл өзенінен құтқарушылар 33 жастағы ер адамның денесін шығарып, полицейлерге тапсырған.

Марқұмды бір аптадан бері туыстары іздеп жатқаны анықталды. Олардың сөзінше, ер адам балық аулауға кетіп, сол күйі оралмаған.

Құтқарушылардың айтуынша, Махамбет ауданында судан 24 жастағы тағы бір жігіттің денесі шығарылған. Ол шаруа қожалығынан мал бағуға шығып, жоғалып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109096-atyrau-oblysynda-su-qoimalarynan-eki-adamnyng-denesi-shygaryldy/