Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушы жинаған ақшасын су тасқынынан зардап шеккендерге берді: Тоқаев оған алғыс айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерболат Досаев пен Дәулен Бауыржанұлы
Ерболат Досаев пен Дәулен Бауыржанұлы. Фото: Алматы әкімдігінің ресми сайты

Алматылық 3-сынып оқушысы жинаған ақшасын су тасқынынан зардап шеккендерге берді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаға ризашылығын білдірді, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әкім Ерболат Досаев Ақмола облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен алматылық 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлына мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хат табыс етті.

"Қазақстан президенті 9 жастағы Дәуленнің игі ісін жоғары бағалап, оның әрекетін нағыз отаншылдықтың үлгісі деп атады. Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс хатында баланың бойына асыл қасиет дарытқан ата-анасы мен ұстаздарына ризашылығын білдірді.

Президент Дәулен сияқты ақылды әрі зерек балалар бар елдің болашағы жарқын екенін ерекше атап өтті", - делінген хабарда.

Ш. Уәлиханов атындағы №12 гимназияның 3-сынып оқушысы Дәулен Бауыржанұлы зияткерлік олимпиадаға қатысу үшін Qalan.kz порталына тіркелген. Ол тапсырманы жеңісі үшін берілген бонустарын жинаған. Әлеуметтік желілерде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың суретін көріп, ойланбастан көмектесуге шешім қабылдап, жиналған 25 мың теңгесін арнайы қорға жіберген.

"Елімізде болып жатқан табиғи апат туралы естіп, көмектескім келді. Мен жиналған барлық ақшаны көмек ретінде жіберуді шештім. Алдымен мұны ата-анама айтып едім, олар менің бұл ойымды бірден қолдады", - деді Дәулен.

Дәуленнің мұғалімі Сағадат Жұбанышбекованың айтуынша, сабақты үздік оқиды, математика, информатика, жаратылыстану ғылымдарын жақсы көреді. Бірнеше рет "Алтын сақа", "Кенгуру", "Ақбота" олимпиадаларының жеңімпазы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109102-almatylyq-oqushy-zhinagan-aqshasyn-su-tasqynynan-zardap-shekkenderge-berdi-toqaev-ogan-algys-aitty/