Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көпқабатты үйдің кіреберісінде дәрет сындырған Астана тұрғыны жазаланды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

Астана тұрғыны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Соттың баспасөз қызметінің ақпаратынша, ер адам тұрғын үйдің кіреберісінде дәрет сындырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша С.-ға қатысты істі қарады (ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі).

Істің мән-жайы бойынша, С. тұрғын үйдің ауласында кіші дәрет сындырған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін толық мойындады.

"Өз іс-әрекетімен С. қоғамдық тәртіпті бұзып, құрметсіздік танытты. Орын алған құқық бұзушылық іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция инспекторының баянатымен және оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен расталды", - делінген хабарда.

Осы баптың санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5-тен 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауаптылықты көздейді.

Сот қаулысымен С. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109114-kopqabatty-uiding-kireberisinde-daret-syndyrgan-astana-turgyny-zhazalandy/