Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құлсарыда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өрт сөндіруші көз жұмды

Жарияланған күні:

Бейбарыс Рақым
Бейбарыс Рақым. Фото: Атырау облыстық ТЖД

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командирі Құлсары қаласындағы авариялық-құтқару жұмыстары кезінде қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды.

Ведомство өкілдері оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын айтты.

"Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады.

ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109180-qulsaryda-avariialyq-qutqaru-zhumystaryn-zhurgizu-kezinde-ort-sondirushi-koz-zhumdy/