Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау мен Бестөбеде заңсыз кен өңдеу цехтары анықталды

Жарияланған күні:

Алтын құймалар
Алтын құймалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде үш жерасты кен өңдеу цехы анықталды. Полиция бірнеше адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

Ведомство ақпараты бойынша, 26 мамырда Ақсу және Бестөбе елді мекендерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тағы үш жерасты кен өңдеу цехы табылды.

"Түрлі жабдықтар, шамамен 300 қап кен тәркіленді. Қылмыстық схеманың ұйымдастырушылары мен қызметкерлері ұсталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда", – деді Қуандық Алпыс.

Биыл қаңтарда Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мұндай ұйымдасқан топты ұстап, алтын кенін қайта өңдейтін заңсыз цех жойылған болатын. Құрамында алтыны бар 26 қап тәркіленген, оның салмағы 600 келіден асқан.

"Сәуірде Степногорск прокуратурасының үйлестіруімен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімі алтын ұрлаумен айналысқан үш заңсыз кен қазушы бригаданың жолын кескен болатын. Кенді қайта өңдейтін 3 шағын цех, 8 тоннадан астам құрамында алтыны бар концентрат, контрафактілік зергерлік бұйымдардың ондаған жиынтығы тәркіленді. Шахтаның 200 метр тереңдігінде жерасты жуу цехы табылды. Полицияға 20-дан астам адам жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, биыл полиция қызметкерлері 400-ден астам заңсыз кен қазушыларды ұстап, жауапкершілікке тартқан еді. Сегіз қылмыстық іс тіркелген. Сондай-ақ топ болып әрекет ететін кен қазушылардың бригадалары анықталып, жолы кесілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109258-aqtau-men-bestobede-zangsyz-altyn-kenin-ongdeu-tsehtary-anyqtaldy/