Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомЖоғарғы соттың судьясы Талғат Ибрашев қызметінен босатылды. Сенат депутаттары президенттің тиісті ұсынысын қолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі жарлығымен Жоғарғы соттың судьясы Талғат Ибрашевты басқа қызметке тағайындалуына байланысты қызметінен босату туралы ұсынысты парламент сенатының қарауына енгізді.
Ол Алматы облыстық сотының төрағасы болып тағайындалды", - деді Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп.
Сенат депутаттары мемлекет басшысының ұсынысын қолдап, Талғат Ибрашевті Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109357-zhogargy-sot-sudiasy-qyzmetinen-bosatyldy/