Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағажайын су басқан Қапшағайдағы қазіргі жағдай қандай

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қапшағай су қоймасы
Қапшағай су қоймасы. Фото: Roman Chekhovskoy / Getty Images

Алматы облысының әкімдігі қатты жел мен толқын салдарынан жағажайларын су басқан Қапшағай су қоймасының қазіргі жағдайынан хабардар етті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Қапшағай су қоймасы аймағындағы өзендерге жүргізілген мониторинг жағдайдың тұрақты екенін көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

"Гидрологиялық бекеттердегі, жағажайлардағы және су қоймасындағы су деңгейі қалыпты шектерде, су басу немесе су тасқыны жағдайлары байқалып отырған жоқ", - деді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, 27 мамырда Қонаев қаласында шығыс бағыттан жылдамдығы 24 м/с жел соғып, салдарынан жағажайларда толқынның әсерінен су көтерілгенін жазған едік.

Бұған қоса Іле өзенінің гидрологиялық бекетінде – Қапшағай су электр станциясынан 164 километр жоғары – Қытай Халық Республикасы аумағынан ағын судың көбеюінен су деңгейінің күрт көтерілуі байқалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109456-zhagazhaiyn-su-basqan-qapshagaidagy-qazirgi-zhagdai-qandai/