Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында баласы 86 жастағы әкесін ұрып-соққан

Жарияланған күні:

Таяққа сүйенген қария
Таяққа сүйенген қария. Көрнекі фото: Pixabay.com

Жамбыл облысында баласы 86 жастағы әкесіне қол көтерген. Жәбірленуші ұлымен татуласқанына байланысты істі қысқартуды сұрады, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Мойынқұм аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта 2024 жылғы наурызда, түнгі уақытта, құқық бұзушы 86 жастағы қарт әкесіне дөрекі сөздер айтып, оны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені анықталды.

Сотта жәбірленуші аталған деректерді растап, олар медиация тәртібімен татуласқандықтан, соттан істі қысқартуды сұрады.

Өз кезегінде, азамат Б. өзінің кінәсін толық мойындап, жанжал кезінде ашуланып, өзін ұстай алмай, әкесінің қолын көтергенін көрсетті. Жасаған ісіне өкініш білдіріп, жәбірленушімен татуласуға байланысты іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 64-бабына сәйкес, осы Кодекстің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және оны әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен татуластырғаны үшін тоқтатылуға жатады. Татуласу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.

Сот қаулысымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109483-zhambyl-oblysynda-balasy-86-zhastagy-akesin-uryp-soqqan/