Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин АҚШ-қа кеткенін айтты

Жарияланған күні:

Бағдат Мусин жарымен және қызымен
Бағдат Мусин жарымен және қызымен: instagram.com/bagdatmussin

Қазақстанның бұрынғы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин жұбайымен және кенже қызымен АҚШ-та жүргенін айтты. Экс-министр сапар барысында бірқатар маңызды кездесу өткізуді жоспарлаған. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бағдат Мусин бүгін Instagram-дағы ресми парақшасында жазба жариялады. Фотосуреттегі жазуға қарағанда, ол Сан-Францискода жүргенге ұқсайды.

"АҚШ-та жүргеніме бірнеше күн болды. Мұнда келуіме бірнеше себеп бар. Әрине, кәсіби мәселелерді отбасылық мәселелермен біріктіруге тырысамын. Бұл жолы шағын топ боп келдік – сүйіктім Дина, кенже қызым Бірғаным және мен", - деп жазыпты экс-министр.

Ол осы күндері Bay Area-да өтетін іс-шараларға қатысатынын, сондай-ақ Digital Nomads-пен кездесіп, әртүрлі әлеуметтік бастамаларды талқылайтынын айтқан.

"Еліміздің Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы болғандықтан, осы жылдың қыркүйегінде Астанада зияткерлік спортымыздан (спорттық бағдарламалау) Әлем чемпионатының финалын өткізуге қатысты бірнеше ұйымдастырушылық мәселені шешуге барамын. Ол үшін мен ICPC басшысы Билл Поучермен және оның командасымен кездесемін", - дейді ол.

Бұдан бөлек ол роботехникадан жарысқа қатысатын кенже қызына қолдау көрсетіп, үлкен қызы Аруға таңдау жасауға көмектесу үшін бірнеше оқу орнын аралайтынын жазыпты.

"Сондай-ақ басқа елдерде цифрландырудың негізін қалыптастыру мәселесін талқылау үшін әртүрлі университеттердің профессорларымен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмын. Өйткені Қазақстанның тәжірибесін одан әрі тарату қажет. АҚШ университеттері бұған қызығушылық танытады деп ойлаймын.

Сондай-ақ түрлі қорлармен, компаниялармен кездесулер өтеді", - деп түйіндепті жазбасын Бағдат Мусин.

Еске салсақ, 30 сәуірде Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылды. Ол бұл қызметке 2020 жылы келген, ал 2024 жылғы 6 ақпанда бұл лауазымға қайта тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109519-buryngy-tsifrlyq-damu-ministri-bagdat-musin-aqsh-qa-ketkenin-aitty/