Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз ақшам": қарағандылық әйел полицейлердің ескертуін елемей, тапқан-таянғанынан айырылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алаяқтардан зардап шеккен әйел
Алаяқтардан зардап шеккен әйел. Видеодан кадр: Қарағанды облысының полиция департаменті

Қарағандыда тәртіп сақшылары жергілікті тұрғынды алаяқтарға ақша аударып жатқанын тоқтатпақ болды, бірақ әйел олардың ескертуін елемеген. Әйелдің полицейлермен әңгімесінің бір бөлігі тіпті видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 78 жастағы қарағандылық әйел белгісіз біреуден келіп түскен қоңырауға сеніп, бейтаныс адамға 750 мың теңге көлемінде ақша аударған. Бұл жайт туралы банктің қауіпсіздік қызметкерлері киберполицияға хабарлаған.

"Полиция мен банк өкілдерінің ескертулеріне қарамастан, әйел ақшасын аударып жіберген", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті өкілдері.

Зейнеткердің полицейлермен әңгімесі видеоға түсіп қалған. Видеодан әйел тәртіп сақшыларының алдында заңды құқықтарын ескере отырып, өзінің мүддесін қорғап жатқанын көруге болады.

"Мен бұл ақшаны біреуге сыйға тартуыма құқылымын. Бұл менің ақшам, несие емес. Міне, соңғы рет қана несие алған едім, ал былайша бұл менің ақшам. Неге менің қаражатым жайлы ақпаратқа қызығушылық танытуыңыз керек және неліктен арыз жазуға тиіспін", - деп сұрайды қарағандылық әйел полицейлерден.

Тәртіп сақшылары әйелге банк қауіпсіздік қызметінен полиция департаментіне қоңырау шалынғанын, әйел біреуге ақша жіберуге тырысып жатқанын айтқан. Алайда зейнеткер полицейлердің ескертуіне сенбей, райынан қайтпаған.

Кейін полиция қызметкері зейнеткерден ақшаны жіберуге біреу мәжбүрледі ме деп сұрағанда, әйел қаражатын өз еркімен аударғанын айтты.

"Ол іс-әрекетінің салдарын түсінген кезде, ақшасын алаяқтықпен жымқырған белгісіз тұлғаны жауапқа тартуды талап етіп, оның үстінен арыз жазған", - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері.

Сондай-ақ Қарағанды облысы полиция департаментінің өкілдері азаматтарды банк қызметкерлері, полиция және өзге де құқық қорғау қызметтері қоңырау шалып, банк картасының мәліметтері мен кодын сұрамайтынын еске салды.

"Сонымен қатар зейнет жасындағы адамдарды қараусыз қалдырмай, белгісіз абоненттермен байланысын үзіп, оларға ақша аудару бойынша барлық әрекетінің алдын алуға шақырамыз", - деп ескертті ПД өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109531-oz-aqsham-qalasam-syiga-tarta-alamyn-qaragandylyq-aiel-politseilerding-eskertuin-elemei-tapqan-taianganynan-aiyryldy/