Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2024 жылы сәбилерге қандай есімдер көп қойылып жатыр

Жарияланған күні:

нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

2024 жылы жаңа туған балаларға ең жиі қойылған есімдер – Рамазан және Медина. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының мамандары 2024 жылы еліміздің тұрғындары арасында қай есімдер кең таралғанын сараптады.

Биыл ұлдарға Рамазан деген есім жиі қойылған. 2024 жылдың көктемінде 1161 қазақстандық отбасы ұлына осы есімді таңдаған.

Жаңа туған қыздарға қазақстандық ата-аналар көбіне Мәдина есімін таңдаған. Көктемде 1373 қызға осы есім қойылған.

Ұл балаларға жиі қойылатын есімдер:

  • Рамазан;
  • Айсұлтан;
  • Мұхаммед;
  • Мұхаммад;
  • Омар;
  • Әлихан;
  • Әмір;
  • Алан;
  • Нұрислам;
  • Алдияр;
  • Хамза;
  • Ислам;
  • Әли;
  • Мүслім;
  • Әлинұр;
  • Дінмұхаммед;
  • Арсен;
  • Имран;
  • Ибрахим;
  • Ахмет;
  • Альтаир;
  • Мирас;
  • Дарын;
  • Мансұр;
  • Айбар;
  • Дамир.

Қыз балаларға жиі қойылатын есімдер:

  • Медина;
  • Айша;
  • Асылым;
  • Раяна;
  • Айлин;
  • Томирис;
  • Сафия;
  • Әмина;
  • Аяла;
  • Айым;
  • Айкөркем;
  • Зере;
  • Ясина;
  • Айару;
  • Кәусар;
  • Айзере;
  • Хадиша;
  • Мәриям;
  • Фатима;
  • Ясмина;
  • Аиша;
  • Адина.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109561-2024-zhyly-sabilerge-qandai-esimder-kop-qoiylyp-zhatyr/