Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халық мұны көруі керек": Сенат төрағасы утильалым туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: NUR.KZ / Айгерим Аскарова

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев утильалымның күшін жою жөніндегі петицияға қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Менің білуімше, 50 мың адам қол қойды. Сондықтан біздің еліміздің заңдарына сәйкес, оны уәкілетті мемлекеттік орган ресми түрде қарайды. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл өтінішті қабылдауы керек. Жұмыс тобы құрылады, оған жұртшылық пен мүдделі топтардың өкілдері де кіреді. Бұл жұмыс тобы өтініште көрсетілген талаптар мен ұсыныстарды қарастырады. Бұдан әрі министрлік жұртшылыққа және депутаттарға жеткізетін қандай да бір ұстанымдарын жария етеді", - деді Мәулен Әшімбаев Сенатта өткен брифингте. 

Ол жұмыс тобының нәтижесіне байланысты шешім шығарылатынын айтты.

"Бірақ бұл жерде біз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді, машина жасауды қолдауымыз керек деген түйінді тұжырым бар. Сонымен бірге жұртшылық утильалымнан түскен қаражат қалай қолданылатыны туралы сұрақтар қояды. Бір нәрсе анық: жұртшылыққа бұл қаражат қалай пайдаланылатыны, қайда бағытталатыны, белгілі бір компаниялар оларды қалай пайдаланатыны туралы ақпарат жеткіліксіз. Ашықтық жетіспей жатыр. Жұртшылықты көбірек ақпараттандыру қажет. Болашақта бұл бағытта осы қаражатты пайдаланатын тиісті құрылымдар мен ұйымдар толық ашықтықты қамтамасыз етуі керек, халық мұны көруі керек, сонда мұндай мәселелер болмайды", - деп қосты Сенат спикері.

Айта кетейік, "E-Petition.kz"-те утильалымды алып тастау туралы петиция жеткілікті қол санын жинады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109594-utilalym-zhoiyla-ma-senat-toragasy-zhauap-berdi/