Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды (видео)

Жарияланған күні:

Ұстау сәті
Ұстау сәті. Фото: Антикордың баспасөз қызметі

Шымкенттің обаға қарсы күрес станциясының басшысы сотталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі "Шымкент обаға қарсы күрес станциясы" РММ бастығы Р. Сайлаубекұлы, "Отырар обаға қарсы күрес бөлімшесінің" РММ филиал бастығы Г. Абишова, сонымен қатар бас есепші Ш. Зейілбекова мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, жалпы сомасы 48,4 млн теңге айыппұл түріндегі жазаға тартылды", - делінген хабарда.

Олар жұмысқа орналасу үшін пара алғаны және бергені, сондай-ақ жалған іссапар шығындарын рәсімдеу жолымен 2 млн теңге жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109645-shymkentting-obaga-qarsy-kures-stantsiiasynyng-basshysy-sottaldy/