Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сауда үйіндегі әжетханада әйелдерге сығалап қараған қостанайлық қалай жазаланды

Жарияланған күні:

Әжетхана
Әжетхана. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанайдағы сауда және ойын-сауық орталығында әжетханада әйелдерді сығалап қараған тұрғын ұсақ бұзақылық үшін қамауға алынды. Бұл туралы қала сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлімінде (ұсақ бұзақылық) көзделген құқық бұзушылық дерегімен қаралды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2024 жылғы 28 мамырда Қостанай қаласында А. "Март" сауда ойын-сауық орталығының әйелдер дәретханасында мас күйінде болған кезде келушілерді жасырын бақылап отырған", - делінген хабарда.

Сот отырысында А. кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен ол 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін күдікті ұсталғанын хабарлаған едік. Бұған дейін әлеуметтік желіде белгісіз бойжеткеннің жазбасы пайда болған. Бойжеткен Қостанайдағы сауда орталықтарының бірінде дәретханада өзін біреу сығалап, бақылап тұрғанын жазған. Ол өзін сығалап тұрған адамды видеоға түсіріп алған. Содан кейін полицияға жүгінген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109681-sauda-uiindegi-azhethanada-aielderge-sygalap-qaragan-qostanailyq-qalai-zhazalandy/