Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқтар қазақстандықтарды 140 млрд теңгеге алдаған

Жарияланған күні:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Былтыр 44 мың қазақстандық алаяқтарға алданған, оларға келтірілген залал мөлшері 140 млрд теңге болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті, онда алаяқтыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Кеңестің жұмысына Президент әкімшілігінің, Жоғарғы соттың өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Отырыста тек былтыр 44 мың қазақстандықтың алаяқтардың алдауына түскені, оларға келтірілген залал мөлшері 140 млрд теңгені құрағаны атап өтілді.

Бұл орайда, адамдардың сеніміне кіру үшін, қылмыскерлер замануи IT-технологияларды және психологиялық айла-шарғыларды қолданатыны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109759-alaiaqtar-qazaqstandyqtardy-140-mlrd-tenggege-aldagan/