Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура Алматы қаласы прокурорының орынбасары ұсталды деген қауесетке жауап берді

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысында жұмысқа кеткен 47 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Ішкі істер министрлігінің қызметкері. Фото: https://t.me/POLICE_of_KZ

Алматы қаласының прокуратурасы Ауғанбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы қаласы прокурорының орынбасары Н.Ж. Ауғанбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз.

Бүгінгі таңда ол кезекті еңбек демалысында", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін сондай-ақ "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасы заңының 25-бабына сәйкес шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді тарату, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды, БАҚ өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және тек шынайы ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109765-prokuratura-almaty-qalasy-prokurorynyng-orynbasary-ustaldy-degen-qauesetke-zhauap-berdi/