Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы полициясы халықаралық шараларға байланысты жолдар жабылатынын ескертті

Жарияланған күні:

Көшеде тұрған полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы қаласы Полиция департаменті өкілдері 30 мамыр мен 6 маусым аралығында өтетін бірқатар халықаралық іс-шараға байланысты қалада жол қозғалысына шектеулер болатынын ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық ПД мәліметінше, 30 мамыр мен 6 маусым аралығында Алматыда бірқатар халықаралық іс-шаралар өтеді

Атап айтқанда, 30-31 мамырда Алматыда ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы, 2-3 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтеді. 5-6 маусымда Алматыда ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары Комитетінің отырысы өтеді.

"Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Осыған байланысты, іс-шаралардың ауқымын, сондай-ақ қатысушылар мен қонақтардың санын ескере отырып, Алматы қалалық полиция Департаменті көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылғаны туралы хабарлайды.

Айта кету керек, жол шектеулері қоғамдық көліктерге әсер етпейді.тБіз азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз", - деп ескертті Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109771-almaty-politsiiasy-halyqaralyq-sharalarga-bailanysty-zholdardyng-zhabylatynyn-eskertti/