Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде 20 жастағы жігіт суға батып кетті

Жарияланған күні:

Суға батып бара жатқан ер адам
Суға батып бара жатқан ер адам: Getty Images/ Isaac Calderon / EyeEm

2004 жылы туған жас жігіт Ақтөбедегі Қарғалы өзенінде суға батып кетті. Қайғылы оқиғаның мән-жайын ТЖМ айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға Солнышко бау-бақша ұжымы аумағында болған.

Жедел құтқару жасағы құтқарушылары жағадан 15 қашықтықтан, 2,5 тереңдіктен аталған азаматтың денесін шығарды. Құтқарушылар тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Судағы қауіпсіздік ережелері

Ақмола облыстық ТЖД қызметкерлері бұған дейін судағы қауіпсіздік ережелерін жариялаған болатын:

  • Шомылуға тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
  • Тереңдігі белгісіз суға сүңгуге болмайды;
  • Қалқымалардан асып жүзуге болмайды;
  • Мас күйде суға түспеңіз;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

"Осы шараларды қолдана отырып, сіз өзіңіздің және жақындарыңыздың өмірін сақтап қала аласыз!" - дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109831-aqtobede-20-zhastagy-zhigit-suga-batyp-ketti/