Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған шопанның денесі өзеннен табылды

Жарияланған күні:

Өзен
Өзен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысында бір аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен 57 жастағы шопанның денесі Есіл өзенінен табылды. Бұл туралы ҚазАқпарат полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 30 мамырда Жарқайың ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде бақташы болып жұмыс істеген 57 жастағы Дәулетбай Кәкешті іздеу аяқталды.

"Бірнеше күнгі іздеу жұмыстарынан кейін ер адамның мәйіті Есіл өзенінен табылды", - деп хабарлады ведомство.

Қазір сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша соңғы процесуалдық шешім қабылданады. Сарапшылар сондай-ақ ақмолалықтың өлімінің себебін анықтауда.

Бұған дейін ер адамның 22 мамырда жоғалып кеткені хабарланған болатын. Алғашында шаруа қожалығының қызметкерлері шопанды өз күштерімен іздеп, төрт күннен кейін кәсіпорын басшысы полицияға көмек сұрап жүгінген.

Егер адам жоғалып кетсе не істеу керек

"Электрондық үкімет" сайтында адам із-түссіз жоғалған жағдайда алдымен "102" нөміріне немесе жақын жердегі бөлімшеге хабарласып, полицияға жүгіну қажет делінген.

Полицияға ұсыну маңызды болатын ақпарат:

● жоғалған адамның жеке деректері: аты, тегі, әкесінің аты, жасы, шаш түсі, мең, тыртық, дене әшекейі  сияқты ерекше белгілері;

● адам жоғалған кездегі жағдайлар туралы мәліметтер.

Егер бала жоғалып кетсе, онда полицияға мүмкіндігінше тезірек хабарласу керек. Полиция адамның болмауы ұзақтығына және оның болжамды жоғалып кетуі жеріне қарамастан өтінішті дереу қабылдауға және тіркеуге міндетті. 

Мұндай өтінішті беру үшін уақытша шектеулер жоқ.

Адам жоғалып кеткен сәттен бастап 3 күн өткеннен кейін ғана жүгінуге болады деп ойлау қате. Осы уақытта өзіндік   шағын-тергеу жүргізуді бастау керек — достарына, әріптестеріне хабарласу, адамның жақсы көретін орындарына бару,   жоғалған адам күн сайын пайдаланған маршрутпен жүріп өту және т. б. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109840-aqmola-oblysynda-iz-tuzsiz-zhogalgan-shopannyng-denesi-ozennen-tabyldy/