Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серікзат Дүйсенғазы жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Жарияланған күні:

Серікзат Дүйсенғазы
Серікзат Дүйсенғазы. Фото: instagram.com/serikzat_duisengazy

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовтың бұйрығымен Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы университеттің ресми сайтында хабарланды.

Серікзат Дүйсенғазы ЕҰУ-да еңбек жолын 2002 жылы қазақ және шетел әдебиеті кафедрасының оқытушысы болып бастады. Ол кейін доцент, деканның орынбасары, кафедра меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті. 2006 жылы ҚР ҰҒА академигі Рымғали Нұрғалидың жетекшілігімен ЕҰУ-да "Қазақ әдебиеті" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Серікзат Дүйсенғазы филология факультетінің деканы қызметіне тағайындалғанға дейін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде "Телерадио және қоғаммен байланыс" кафедрасының меңгерушісі болды.

Филология ғылымдарының кандидаты 100-ге жуық ғылыми және ғылыми-көпшілік еңбектердің, сондай-ақ Web of Science және Scopus деректер қорындағы мақалалардың авторы.

Серікзат Дүйсенғазы 2005 жылдан бері ЕҰУ-дағы "Топжарған" жас ақындар клубының жетекшісі ретінде студенттерге тәлім беріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109879-serikzat-duisengazy-zhanga-qyzmetke-tagaiyndaldy/