Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЕО елдеріне ұшуға шектеулер Қазақстаннан біржола алынып тасталды

Жарияланған күні:

Әуежайдағы ұшақ
Әуежайдағы ұшақ. Көрнекі сурет: unsplash.com

Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық комиссияның ұшу қауіпсіздігіне қатысты қара тізіміндегі барлық шектеу ақыры алынып тасталды. Бұл туралы Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

15 мамырда Еуроодақтың 27 елінің авиациялық билік өкілдерінің қатысуымен Еуропалық комиссияның Ұшу қауіпсіздігі комитетінің отырысы өтті, делінген Көлік министрлігінің ресми сайтында.

Комитет отырысы барысында көлік вице-министрі Талғат Ластаев бастаған Қазақстанның авиациялық билік делегациясы елдегі ұшу қауіпсіздігі жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы тыңдады.

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінің қолдауымен к омитет отырысы барысында қазақстандық делегация бұрына нықталған ескертулерді жою бойынша қолданылған шараларды ұсынды, оларды Еуропалық комиссия оң бағалады.

ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеулер алынып тасталды.

2024 жылғы 30 мамырдағы хатында ЕК-нің ұтқырлық және көлік жөніндегі Бас директоратының авиация Департаментінің Директоры Филип Корнелис Мырза "Еуропалық Комиссия Қазақстан қызметінің күшейтілген мониторингін тоқтату туралы шешім қабылдады" деп атап өтті.

Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілді.

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) мен Еуропалық комиссияның бағалауы бойынша, Қазақстан – азаматтық авиация менеджментін реформалаудың сәтті үлгісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2109903-eo-elderine-ushuga-shekteuler-qazaqstannan-birzhola-alynyp-tastaldy/