Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада эвакуатор салынып жатқан LRT құрылысына соғылды (видео)

Жарияланған күні:

Астанадағы ЖКО
Астанадағы ЖКО. Видеодан кадр: instagram.com/astana__sergek

Кеше кешкісін Астанада трактор тасымалдап келе жатқан эвакуатор салынып жатқан LRT құрылымдарының біріне соғылды. Полицейлердің айтуынша, жүргізуші техниканың көлемін дұрыс есептемеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы "Астана Сергек" парақшасында жарияланды. Кадрлардан тракторды тасымалдап бара жатқан эвакуатордың салынып жатқан құрылыстың астынан өте алмай қалғаны көрінеді.

"Құрылыстың бірі (элементі – ред. ескертпесі) трактордың үстіне құлады. Ең бастысы, құрылысшылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - деп жазды жарияланым авторлары.

Видеоның кеше 21:15-те түсірілгені атап өтіледі. Астана ПД өкілдері оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Ағымдағы жылдың 30 мамырында Тұран даңғылы жағынан Ұлы Дала даңғылының бойымен ірі габаритті арнайы техниканы тасымалдап келе жатқан "Howo" маркалы көлік құралының 60 жастағы жүргізушісі техниканың габариттерін есепке алмай, LRT құрылымына соғылған", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ зардап шеккендердің жоқ екені атап өтілді.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, материал әкімшілік сотқа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110029-astanada-evakuator-salynyp-zhatqan-lrt-qurylysyna-sogyldy-video/