Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинск қаласының әкімдігі 30 миллион теңгеге жоғары бағамен пәтер сатып алмақ болған

Жарияланған күні:

Тұрғын үй кілті
Кілт ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pexels.com

Ақмола облысында аудан әкімдігі қызметтік тұрғын үйді жоғары бағамен сатып алмақ болған, бірақ облыстық прокуратура заң бұзушылықтың алдын алды. Бұл туралы Ақмола облысы прокуратурасырың ресми сайтында хабарланды.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, Бурабай ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың қызметінде Бюджет кодексі нормаларының сақталуына талдау жүргізді.

Бурабай ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатып алу бойынша биыл аумағы 40-60 шаршы метр 3 бөлмелі пәтерді 30 млн теңгеге сатып алуды жоспарлағаны анықталды.

"Сонымен қатар өзге де тұрғын үй сатып алу-сату бойынша сайттардағы (krisha.kz, olx) пәтерлердің бағалары туралы зерттеу барысында Щучинск қаласындағы бағалар 10,5 млн теңгеден 22,5 млн теңгеге дейін, бұл орташа есеппен 16 млн теңге екені анықталды. Осылайша қолданыстағы заңнама мен Кодекстің қағидаттарын бұза отырып, жоспарланған сатып алу сомасы негізсіз жоғарылатылғаны көрсетілген", - делінген хабарламада.

Қадағалау актісіне сәйкес, мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізіліп, жоспарланған сатып алу актісі пәтерлердің орташа нарықтық құны ескеріліп, түзетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110086-shuchinsk-qalasynyng-akimdigi-30-million-tenggege-zhogary-bagamen-pater-satyp-almaq-bolgan/