Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада жоқ пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқ ұсталды

Жарияланған күні:

Алаяқ
Алаяқ. Көрнекі сурет: seksan Mongkhonkhamsao/Getty Images

Елордада полицейлер жалған пәтерді жалға берумен айналысқан алаяқты әшкереледі. Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында астаналықтарды алдап кеткен 41 жастағы қала тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында ер адамның Krisha.kz сайтына нарық құнынан төмен бағада елордада жоқ пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар жариялағаны анықталды.

"Ол шұғыл және пәтер жалдауға ниет білдіргендердің көптігін сылтауратып, жәбірленушілерден 90-100 мың теңге аралығында алдын ала төлемді аударуды сұрағаны белгілі болды. Бүгінгі күні алаяқтың арбауына тап болған 4 астаналық полицияға жүгінген", — делінген хабарламада. 

Солардың бірі, 21 жастағы елорда тұрғыны күдіктінің жалға пәтер берем деген сылтауына сеніп, 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын берген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі кезде басқа да зардап шеккендер анықталып жатыр.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110494-elordada-zhoq-paterdi-zhalga-berumen-ainalysqan-alaiaq-ustaldy/