Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Бас прокуратура қазақстандықтарға үндеу жасады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жақында мессенджерлерде жалған аккаунттар құру, прокуратура органдарының қызметкерлерінің, тіпті басшылығының атынан алаяқтық әрекеттер белгілері бар қоңыраулар мен хабарламалар жіберу жағдайлары жиілеп кеткен.
"Осыған байланысты Бас прокуратура азаматтарды бейтаныс аккаунттарға сенбеуге және күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге шақырады.
Осындай қоңыраулар немесе хабарламалар алған кезде осы фактілер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110581-bas-prokuratura-qazaqstandyqtarga-undeu-zhasady/