ҰҚК Алматыда 140 млн теңгенің есірткісін өндірген деген күдіктілерді ұстады
Жарияланған күні:
Алматыда ҰҚК 140 млн теңгенің есірткісін өндірген деген күдіктілерді ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіру бойынша жерасты зертханасы әрекетінің жолын кесті. Биылғы 16 мамырда оңтүстік астананың жеке үйлерінің бірінде психотроптық заттарды дайындау процесінде Қазақстанның екі азаматы ұсталды", - делінген хабарда.
Тінту барысында 7 кг "мефедрон" психотроптық заты және 200 литр прекурсорлар, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындауға арналған жабдықтар алынған.
"Табылған есірткінің құны "қара" нарықта шамамен 140 млн теңгеге тең болуы мүмкін. Тергеу мәліметтері бойынша, ұсталған адамдар шетелдік интернет-дүкендердің бірінің мүддесі үшін "варщиктер" деп аталатындар ретінде жұмыс істеген", - дейді ведомство өкілдері.
Соттың санкциясымен оларға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2110593-uqk-almatyda-140-mln-tenggening-esirtkisin-ondirgen-degen-kudiktilerdi-ustady/