Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есін жоғалта бастады, балалар қорқыныштан айқайлаған": Air Astana ұшақ бортында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Air Astana жолаушылар ұшағы
Air Astana ұшағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Air Astana әуекомпаниясының Астана-Алматы бағытының рейсімен ұшқан ұшақ бортында ақау туындап, салдарынан кейбір жолаушылардың жағдайы нашарлаған. Әуекомпания жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ бортында болған оқиға видеоға түсіп қалған. Аталған видеоны қоғам белсендісі, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров Facebook парақшасында жариялады.

Оның айтуынша, FlyArystan ұшағы кеше, 2 маусымда Астанадан Алматыға ұшуы керек еді, бірақ рейс бір сағатқа кешіккен. Осылайша әуе кемесі Air Astana ұшағына ауыстырылды.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ Алматыға жеткен кезде жолаушылар ұзақ уақыт бойы ұшақтан түсе алмаған, себебі автобустар жетіспеген, ал ұшақ салонындағы ауа беру қызметі өшіп қалған.

"Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, ол жерге телескопиялық трап жолы берілмеген. 15-20-ға жуық ұшақ жиналып, күтіп қалған, автобустар жеткіліксіз болғандықтан жолаушылардың бәрі ұшақта күтіп отырған. Сондай-ақ ауа беру қызметі тоқтағаны жағдайды ушықтырып жіберді. Оқиға орнында болғандардың сөзіне сенсек, тіпті жарық толық сөніп қалған. (Телескопиялық трапта – ред. ескертпесі) бір жарым сағат бойы күткенінің салдарынан ересектер мен егде жастағы адамдар есінен танып, балалар шыңғырып, айқайлай бастады. Кондукторлар ешбір терезе мен есікті ашпаған, адамдар жабық кеңістікте қамалып қалған болатын", - деді қоғам белсендісі.

Оның сөзінше, жолаушылардың ішінде болған ерлі-зайыпты болған жайтқа байланысты полицияға арыз жазған, кейін оқиға орнына полиция мен қауіпсіздік органының қызметінің қызметшілері келіп жеткен.

"Менің танысым сол жерде болған. Ол Air Astana әуекомпаниясының қауіпсіздік қызметкері бұл адамдарды қорқытып, бопсалағанын көрген. Қауіпсіздік қызметкері жолаушыларды айыппұл саламыз, қылмыстық жауапкершілікке тартамыз және авиакомпанияның қара тізіміне енгіземіщ деп қорқытқан. Кейін көлік прокуратурасының өкілі келіп, адам өмірі әуекомпанияның ішкі ережелерінен әлдеқайда жоғары екенін айтты", - деді Тәңірберген Бердоңғаров Facebook парақшасында жариялаған видеосында.

Бұл ретте Air Astana оқиғаның өз нұсқасын баяндап берді.

Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, авиацияда барлық процестің уақытылы жұмыс істеуі әуекомпания мен әуежайлардың әр түрлі қызметтерінің жұмысына байланысты. Бұл іс-шаралар мен рәсімдердің күрделі жиынтығы.

"2 маусымда Астана-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуекомпаниясының KC 7332 рейсін Air Astana әуекомпаниясы орындағанын мәлімдейміз. Ұшақ Алматыға кешігіп, сағат 19.30-да жетті. Экипаж жолаушыларды түсіру үшін трапты күтуге мәжбүр болған.

Әуежайға келетін рейстерге кезек бойынша қызмет көрсетілгендіктен, телескопиялық трап кешіктіріліп жеткізілген. Күту кезінде ұшқыштар мен жолсеріктер жолаушыларды трапты жеткізу жұмыстары кешіктіріліп жатқанын хабарлаған, сондай-ақ ұшақ бортында болған барлық суды таратқан еді.

Өкінішке қарай техникалық ақауға байланысты жердегі кондиционер жұмыс істемей қалып, бір әйелдің жағдайы нашарлап кеткен. Жолсерік жолаушының жағдайын жақсарту мақсатында оған су мен оттегі баллонын әкелген. Сондай-ақ бірнеше адам ұшақтың есігін ашпақ болған.

Экипаж мүшелері қауіпсіздік ережелері бойынша (жолаушылар – ред. ескертпесі) құлап қалмауы үшін трап келгенге дейін есіктерді ашуға тыйым салынғанын түсіндірді. Алайда жолаушылардың бірі ескертулерге қарамастан, қорғаныс қақпағын түсіріп, есіктің тұтқасын көтерген. Сағат 20:15-те баспалдақты траппен бірге көлік те, полиция қызметкерлері де келді", - деп түсіндірді әуекомпания өкілдері.

Air Astana жолаушылардан келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұрады.

"Әуекомпания мен әуежай қызметтері ішкі тексеріс жүргізеді", - деп хабарлады әуекомпания өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111640-esin-zhogalta-bastady-balalar-qorqynyshtan-aiqailagan-air-astana-ushaq-bortynda-bolgan-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/