Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз санкциялық қысымға төтеп бере алмаймыз": вице-премьер Қазақстан экономикасы туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
"Тоқта" белгісі
Қақпа. Көрнекі фото: pixabay.com

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәжіліс кулуарында Еуроодақ пен АҚШ-тың өзге елдерге салған санкцияларының Қазақстанға тигізетін әсеріне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Шын мәнінде бұл бізге өте ауыр тиіп жатыр. Шынтуайтында, осыған байланысты көптеген логистикалық және сауда желісі үзілген. Біз коалицияның мүшесі емеспіз, біз бұл біржақты санкциялық саясатты қолдамағанымызбен, оны ұстанамыз, өйткені ол экономикалық тұрғыдан біз үшін тиімді.

Біздің экономикамыз ірі емес, әрине, біз санкциялық қысымға төтеп бере алмаймыз, бірінші кезекте кәсіпорындарымыз зардап шегеді. Сондықтан біз үнемі диалог құрамыз", - деді Жұманғарин.

Ол Қазақстанда "шешім қабылдайтындармен", яғни АҚШ және Еуроодақпен байланысатын арнайы жұмыс тобы барын айтты.

"Бұл тынымсыз жұмыс – сыртқы саясатымыздың оң әсерінен бізге әуелі ескерту айтылуға тиіс, осылайша біз үнемі белгілі бір компанияларға қатысты қандай да бір шаралар қолдана аламыз.

Байқасаңыздар, Еуроодақ Ресей мен Беларусь бидайына импорттық баж салығын енгізген. Бұл өте салмақты аргумент. Енді біз бұл Қазақстанға әсер ете ме, жоқ па, соны анықтауымыз керек, өйткені біз Еуроодаққа айтарлықтай көп бидай экспорттаймыз.

Бізде фанера бойынша сот ісі болғаны баршаңызға мәлім шығар. Өкінішке қарай бұл сот процесі еліміздегі фанера өндірушілеріне кері әсерін тигізуі мүмкін, өйткені бізде ешқашан 18 фанера өндірушісі болған емес, бірақ үшеуі болған. Ал қалған фанера өндірушілері, өкінішке қарай, жалған болып шықты және біздің өндірушілерімізге зиянын тигізді", - деп толықтырды вице-премьер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112762-biz-sanktsiialyq-qysymga-totep-bere-almaimyz-vitse-premer-qazaqstan-ekonomikasy-turaly-pikir-bildirdi/