Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карина Мамаш отбасына қоқан-лоқы көрсетілгенін айтты: полицейлер мәлімдемеге жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Карина Мамаш
Карина Мамаш. Видеодан кадр: tiktok.com/@karidea_

Бұған дейін күйеуі соққыға жыққанын мәлім еткен қазақстандық дипломаттың әйелі Карина Мамаш отбасына қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтты. Астана полициясы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, кеше 4 маусымда Карина Мамаш күйеуінің туыстары оның отбасына қоқан-лоқы көрсете бастағанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Азамат Мамаш К.-ға байланысты қорқыту дерегі бойынша Есіл аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - деді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112933-karina-mamashtyng-otbasyna-qoqan-loqy-korsetildi-politseiler-malimdemege-zhauap-berdi/