Павлодарда коммуналдық жөндеу жұмыстарынан кейін үйінді қалып қойған
Жарияланған күні:
Читать на русскомПавлодарда коммуналдық желілердегі апатты жою мақсатында шамамен бір жыл бұрын жаңа баскетбол алаңы бұзылып, жер қазылған, бірақ ол әлі күнге дейін қалпына келтірілмеген. Тұрғындар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап отыр, деп хабарлайды "Ирбис TV" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Телеарнаның хабарына қарағанда, қазір ойын алаңы соғыс майданына ұқсап қалған. Бұл алаңда доп ойнамақ түгілі, адам жүре алмайды.
Ең сорақысы, баскетбол алаңын бұзақылар бұзып кеткен жоқ. Ойын алаңы Қайырбаев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында екі жыл бұрын пайда болған еді. Алайда бұл алаң өткен күзге дейін ғана пайдаланылған. Одан соң мұнда коммуналдық желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілді.
"Белгісіз коммуналдық қызметтер бұл жерде құбырларды қазып тастап, еш нәрсені қалпына келтірмей кетіп қалған. Мына жерде шағын жер бар, егер алаңды коммуналдық желілердің үстінде салуға болмаса, соның маңында салуға мүмкіндік бар деп ойлаймын. Мұнда да тағы бір шағын алаң бар, кейбір жаттығу құралдары орнатылса", - деді Қайырбаев көшесіндегі №80 үйдің тұрғыны Валерий Гайдук.
Бұл үйіндінің үстінде ойнау мүмкін емес. Аулада сырғанақ, әткеншек, турник те жоқ. Зейнеткердің айтуынша, сол себепті балалар көршілес ойын алаңдарына баруға мәжбүр.
Осы орайда шенеуніктер стритбол алаңын жаңартуға уәде берген. Сондай-ақ жауаптылар бұл аумақта жерасты инженерлік желілерінің бар-жоғы тексеріліп, бос жер аумағында спорттық жабдықтар орнатылатынын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113116-pavlodarda-kommunaldyq-zhondeu-zhumystarynan-keiin-uiindi-qalyp-qoigan/