Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрбір адамға құрметпен қарауды жақтаймын": қазақ қызы Брюссельде парламент сайлауына түсіп жатыр

Жарияланған күні:

Назгүл Балмұханова
Назгүл Балмұханова. Видеодан скриншот: youtube.com/@tv24kz

Санаулы күннен кейін Еуроодақта Еуропарламент сайлауы басталады. Бельгияда дауыс беру 9 маусымда өтеді, үміткерлер арасында қазақстандық әйел бар, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жолы корольдік азаматтары федералды парламентке, аймақтық заң шығарушы ассамблеяларға және Еуропарламентке депутаттарды сайлайды. Үміткерлер арасында Қазақстан тумасы Назгүл Балмұханова да бар.

Жексенбіде Бельгияда үш бірдей сайлау өтеді: сол күні сайлаушылар жаңа федералды парламент, аймақтық заң шығарушы органдар мен Еуропарламент мүшелеріне дауыс береді. Назгүл Балмұханова Брюссель парламентіне елдегі жеті партияның бірі – "Ашық фламандтық либералдар мен демократтар" партиясынан үміткер. Ол Қазақстанда туып, білім алған. Бельгияға көшкеннен кейін көпт жыл бойы әділет органдарында және жеке компанияларда тәуелсіз аудармашы болып жұмыс істеген.

"Жұмыс барысында мен әртүрлі адамдармен жиі араласып, олардың мәселелерін шешуге көмектесемін. Қоғамдағы қауіпсіздік пен әрбір адамға құрметпен қарауды, күнделікті өмірде әкімшілік процедураларды жеңілдетуді жақтаймын. Мен сондай-ақ жергілікті тілдерді үйренуді қолдаймын, себебі бұл жақсы жұмыс табуға көмектеседі", - дейді Брюссель парламентінің депутаттығына үміткер Назгүл Балмұханова.

Партияласы, Брюссельдің қаржы министрі Свен Гатцтың айтуынша, Назгүл өзінің Сен-Жосс қаласында да, ірі мегаполис Андерлехте де өте белсенді.

"Назгүл Балмұханова бірнеше жылдан бері Брюссельдегі біздің либералдық қозғалысқа қатысып келеді. Ол Сен-Жосс аймағындағы секциямыздың басшысы және астаналық облыс әкімшілігі кеңесіндегі мемлекеттік тұрғын үй секторында өте белсенді. Ол біздің тізімдегі маңызды үміткер. Өйткені ол өзінің сеніміне берік. Біздің қалада әртүрлі ұлт өкілі көп, сондықтан оның кандидатурасы біздің тізімге толық сәйкес келеді", - дейді Свен Гатц.

Фламандтық либералдардың ашық бағдарламасы үш пунктіден тұрады: қолжетімді баспана, экономика және білім. Сондай-ақ Назгүл Бельгия мен Қазақстан парламенттік делегацияларын жақындастыру бағытында жұмыс істеуді жоспарлап отыр.

"Егер мен Брюссель парламентіне өтсем, сайлаушыларым үшін олардың күнделікті өмірін жақсарту үшін көп нәрсе істеймін. Сондай-ақ Бельгия мен Қазақстанның, Брюссель мен Астананың парламенттік делегациялары арасындағы одан әрі достық байланыстарды дамыту, сондай-ақ екі ел азаматтарының байланыстарын дамытуда пайдам тиеді деп ойлаймын", - дейді Назгүл Балмұханова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113236-qazaqstannyng-tumasy-briussel-parlamentining-sailauyna-qatysady/