"15 млн теңге пайда көрген": Қостанай облысында тұрғынды ұстау сәтінің видеосы жарияланды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанай облысында "Киберпол" қызметкерлері монша салуға қажет заттарды сатамын деп тұрғындарды алдаған күдіктіні ұстады. Күдіктіні ұстау операциясы видеоға түсірілді, деп хабарлайды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қылмыстық схема туралы Қостанай облысы ПД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Олжас Мағыпаров айтты.
"Лисаков қаласының 24 жастағы тұрғыны өзін монша салуға қажет заттар және басқа да ағаш бұйымдарын өндіруші ретінде таныстырып, халықтың сеніміне кірген. Тұтынушылармен алдын ала сөйлесіп, монша құрылысына қажет заттар мен ағаш паллет жасау үшін келісімшарттар жасаған. Ол қылмыстық жолмен 15 млн теңге көлемінде пайда көрген", - делінген облыстық ПД хабарламасында.
Кұдіктіден алданып қалғандар — Қостанай облысындағы аудандардың тұрғындары.
Тәртіп сақшылары монша салу туралы хабарландыруға сеніп, күдіктімен сөйлескен хаттарын көрсетті.
"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті тағы бір заңсыз мәміле жасап келе жатқан жерінен облыс орталығында ұсталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта бірнеше рет алаяқтық жасады деген дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 27 факт белгілі. Сонымен қатар ұсталған адамның осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113296-15-mln-tengge-paida-korgen-qostanai-oblysynda-turgyndy-ustau-satining-videosy-zhariialandy/