Алматының бір ауданында екі күн суық су болмайды
Жарияланған күні:
Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты Түрксіб ауданында суық су беру уақытша шектеледі. Бұл туралы оңтүстік астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Алматы Су" кәсіпорнының мәліметіне сәйкес, 12 маусым сағат 00:00-ден 14 маусым сағат 08:00-ге дейін сумен жабдықтау желілерінде технологиялық жабдықты ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты Жетісу ауданында Рысқұлов – Лобачевский – Сейфуллин – Ақпаев көшелерінің контурында суық су беру уақытша шектеледі.
Жұмыс барысында Түрксіб ауданының Рысқұлов даңғылы – Сейфуллин даңғылы – Жұмабаев көшесі – Жансүгіров көшесінің бойында су қысымының төмендеуі күтілуде.
"Бекіткіш арматураны және өзге де технологиялық жабдықты ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп хабарлады "Алматы Су" МКК өкілдері.
Әлеуметтік нысандар үшін автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113551-almatynyng-bir-audanynda-eki-kun-suyq-su-bolmaidy/