Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байқоңыр" ғарыш айлағының маңында франциялық турист көз жұмды

Жарияланған күні:

Байқоңыр
Көрнекі фото: pexels.com

Француз туристері "Байқоңыр" ғарыш айлағы аумағына өз бетімен кірмек болған. Олардың бірі ағзаның сусыздануы салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бір күн бұрын екі француз азаматы ғарыш айлағы аумағына кірмек болған. Олар тасжолға шығып, ғарыш айлағындағы биік ғимараттарға қарай бет алған. Жолда біреуінің жағдайы нашарлаған", - деп хабарлады агенттікке сұхбат берген азамат.

Оның айтуынша, екінші француз азаматы қасындағы адамға өз бетімен көмектесе алмай, қайтадан тасжолға қарай жүгірген.

Дереккөзге сүйенген агенттік мәліметінше, француз азаматы тасжолға жетіп, көлік тоқтатып, жағдайды түсіндіріп, көмекке шақырған. Алайда жағдайы нашарлаған турист сусызданудан қайтыс болған.

Синоптиктер ақпаратына сәйкес, Байқоңырда маусым айында күндізгі орташа температура +33 градус.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115597-baiqongyr-garysh-ailagynyng-mangynda-frantsiialyq-turist-koz-zhumdy/