Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан шығарылған активтер арасында ежелгі құнды жәдігерлер де болған

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бас прокуратура кеңсесі
Бас прокуратура кеңсесі. Фото: gov.kz

Бас прокуратураның активтерді қайтару комитетінің басшысы Нұрдәулет Сүйіндіков заңсыз шығарылған активтерді Қазақстанға қайтару процесі туралы айтты. Оның сөзінше, елге қайтатыралатын активтердің ішінде ежелгі өнердің құнды жәдіргерлері де бар, деп хабарлйды Jibek joly телеарнасы.

Сүйіндіков "Возврату подлежит" деректі фильміндегі күрделі процес туралы айтты.

Оның айтуынша, Бас прокуратура қамауға алу және мүлікті тәркілеу бойынша халықаралық ынтымақтастық аясында бірқатар елге, мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Монако, Испания, БАӘ және тағы басқа елдерге сұрау салған.

Заңсыз тәркіленген мүліктердің ішінде люкс көліктер, қонақ үйлер, бизнес орталықтары, тіпті фирмалық заттар бар. Сарапшылардың бағалауынша, олардың кейбірінің құны, бірнеше жүз миллион теңгеге жетеді. Кен орындары, бірнеше гектар жер, кәсіпорындар да мемлекет меншігіне қайтарылды.

Елден заңсыз шығарылған мүліктер тізімінде брендті және қымбат заттардан бөлек, сарапшылар тіпті объективті баға беріп, құнын атай алмаған тарихи-мәдени мұра жәдігерлері де болған.

"Сотқа қатысқан сарапшылардың пікірінше, елден шығарылған активтер аранасында біздің дәуірімізге дейінгі дүниелер де болған. Сондықтан бұл тарихи-мәдени мұраның бірегей заттары, елге қайтарылған соң мұражайларға беріледі", - деді Сүйіндіков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115885-qazaqstannan-shygarylgan-aktivter-arasynda-ezhelgi-qundy-zhadigerler-de-bolgan/